Ел тынысы

Біздің ұстаным – ашықтық

Жақында Астана қаласы мәслихаты мен «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы арасында өзара ынтымақ­тастық туралы меморандумға қол қойылады. Осы құжат шеңберінде елордалық депутаттық корпус қос тараптың бірлескен жобаларына белсене қатысады. Сондай-ақ бірқатар бағдарламаның орындалу барысын бақылауда ұстайды. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Жаңару» сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының тарихы оның құрметті төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтің бастамасымен тікелей байланысты. Ғылым және жоғары білім министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі Оралбай Әбдікәрімұлымен және «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің елордалық филиалы басшысының орынбасары Дәулеткерей Рахметуллинмен бірқатар ұйымдас­тыру мәселесін талқыладық. Елордалық мәслихаттың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын қалай құрып жатқанымыз және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалай қалыптасатыны туралы айтып бердім. Бүгінгі таңда мәслихат депутаттары үшін біздің сайлаушылармен өзара іс-қимыл барысында ашықтықтың жоғары деңгейін сақтау өте маңызды. Бұл – елорда тұрғындарымен кері байланыс, азаматтарды жұмыс орындарында, партиялардың қоғамдық қабылдауларында, сондай-ақ елордалық мәслихаттың қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауға қатысты мәселе» деп жазды ­Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақ­шасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button