Ел тынысы

БРИКС ойындары жүлдегерлерін қарсы алды

Кеше Астана халықаралық әуежайына көркем гимнастикадан БРИКС ойындарының қола жүлдегерлері ұшып келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жеңімпаз атанған елордалық спортшыларды құттықтау үшін Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит және олардың ата-аналары әуежайда жиналып, чемпиондарды қошеметпен қарсы алды.

«Дүбірлі додада бар күштеріңізді салып, жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. Біз сіздерді қашан да қолдауға дайынбыз. Жарқын жеңістеріңіздің әлі де алда екендігіне сеніміміз мол», – деді басқарма басшысы Василий Левит.

Естеріңізге салсақ, «Фурор» командасы БРИКС ойындарында көркем гимнастикадан 4 қола жүлде жеңіп алған болатын.

Команда сапында Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Аида Хакимжанова, Айзере Кенес, Айзере Нұрмағамбетова және Мәдина Мырзабай өнер көрсетті.

Айта кетсек, команда құрамындағы 6 қыздың барлығы – қалалық №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері.

Қазан қаласындағы БРИКС ойындарында Қазақстан құрамасы медальдық есепте 10-орынға ие болды. Команда қоржынында екі алтын, 10 күміс және он жеті қола медаль бар.

БРИКС ойындары 12 маусымнан 23 маусымға дейін созылды. Жарысқа 90-нан астам елден 5 мыңға жуық спортшы қатысты, олар 387 медаль жиынтығын сарапқа салды.

БРИКС ойындарында Қазақстанның намысын спорттың 13 түрінен 115 атлет қорғады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button