Ел тынысы

Бүгін «Барыс» пен «Амур» кездеседі



Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Кездесу бүгін, 16 ақпанда елорда уақытымен сағат 15:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 51 мәрте кездескен. Оның 29-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жеткен.

Турнир кестесінде «Барыс» 63 ойыннан кейін 48 ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Амур» 63 ойыннан кейін 66 ұпаймен 15-орында келеді.

Айта кетейік, астаналық клуб соңғы 10 ойынның тоғызында қарсыластарына есе жіберді.

Бұл кездесуден кейін қазақстандық ұжым тағы бір ойынын 18 ақпанда Ресейде «Амур» командасымен өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» он бір ойынға созылған сәтсіздіктен кейін жеңіске жеткен болатын.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button