Ел тынысы

Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

1972 жылы Біріккен Ұлтар Ұйымы экология мәселесіне адамзат назарын аудару үшін 5 маусымды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп белгілеген болатын, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Атаулы датаға орай елімізде Пржевальский-Керқұлан, Кертағы жылқыларын әкелу бойынша салтанатты рәсімі өтті.

Олар Қостанай облысында орналасқан «Алтын дала» қорығына жіберілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Чехия Республикасының ҚР-дағы Елшісі Павол Шепеляк бастаған Чехия Республикасынан келген делегация мүшелері қатысты.

«Жабайы жылқыларды қайтару» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында Чехия Қарулы күштерінің арнайы әскери-көліктік ұшағымен Чехиядан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында реинтродукциялау үшін Пржевальский – (Керқұлан, Кертагы) 8 бас жылқы жеткізілді. Барлығы 40 бас жылқының тарихи отанына оралуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Чехия мамандарының жемісті ынтымақтастығының арқасында екі республика арасындағы Халықаралық келісім шеңберінде Қостанай облысына (Амангелді және Жангелді аудандарына) осы сирек кездесетін жануарлардың 40 данасы қайта жерсіндірілетін болады.

Іс-шараға қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) өкілдері және Чехия мен Германиядан 40-қа жуық өкіл, оның ішінде журналистер белсенді қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button