Ел тынысы

Бүгінгі ауа райы қалай болады?



«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 28-і күнгі күн райы болжамын жариялады. Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, еліміздің батыс өңірлері ауқымды аңтициклон ықпалында болғандықтан, мұнда күн ашық болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Еліміздің қалған аумақтарында циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар әсерінен, күн әлі де құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жауып, түнде Қазақстанның солтүстігінде, орталығында жауын-шашын, еліміздің шығысында жауын-шашын қар, жаңбыр жауады. Республика бойынша екпінді жел соғып, солтүстікте, шығыста бұршақ жауады, дауыл тұрып, солтүстік-батыста, шығыста түнде тұман түседі.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде Алматы облысының таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button