Ел тынысы

Бүгіннен бастап күн жылиды

Астанада бүгіннен бастап жазғы ауа райы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алдағы күндерде ең жоғарғы ауа температурасы күндіз +28°C, түнде +17°C градусқа дейін көтеріледі. Десе де жаздың алғашқы айы көбінесе бұлтты және желкем болады. Жауын-шашын ықтималдығы – 25%.

Осы ретте назарларыңызға осы аптаның ауа райы мәліметтерін ұсынамыз.

3 маусым. Күн жартылай бұлтты болады. Жоғарғы температура +22°C. Жел жылдамдығы 15 және 30 км/сағ. дейін. Жауын ықтималдығы 1-3%. Түнде температура +11°C болады. Ауа ылғалдылығы 44-66% арасында.

4 маусым. Көбінесе бұлтты. Жоғарғы температура +24°C. Жел жылдамдығы 12 және 23 км/сағ. дейін. Жауын ықтималдығы 8-14%. Түнде температура +12°C болады. Ауа ылғалдылығы 51-84% арасында.

5 маусым. Көбінесе ашық. Жоғарғы температура +28°C. Жел жылдамдығы 18 және 21 км/сағ. дейін. Жауын ықтималдығы 4-8%. Түнде температура +16°C болады. Ауа ылғалдылығы 46-63% арасында.

6 маусым. Күн жартылай бұлтты. Жоғарғы температура +26°C. Жел жылдамдығы 20-28 км/сағ. дейін. Жауын ықтималдығы 22-24%. Түнде температура +16°C болады. Ауа ылғалдылығы 56-85% арасында.

7 маусым. Арагідік найзағай ойнайды. Жоғарғы температура +25°C. Жел жылдамдығы 19 және 26 км/сағ. дейін. Жауын ықтималдығы 36-49%. Түнде температура +16°C болады. Ауа ылғалдылығы 65-88% арасында.

8 маусым. Күн жартылай бұлтты болады. Жоғарғы температура +28°C. Жел жылдамдығы 18 және 22 км/сағ. дейін. Жауын ықтималдығы 19-24%. Түнде температура +17°C болады. Ауа ылғалдылығы 60-78% арасында.

9 маусым. Күн жартылай бұлтты. Жоғарғы температура +27°C. Жел жылдамдығы 19 және 23 км/сағ. дейін. Жауын ықтималдығы 18-24%. Түнде температура +15°C болады. Ауа ылғалдылығы 57-83% арасында.

Естеріңізге сала кетсек, маусым айының 1-інен бастап Астанада суға түсу маусымы басталған болатын. Десе де күннің желкем болуына байланысты, су температурасы да қолайлы деңгейге дейін жыли қоймауы мүмкін.

Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов баяндағандай, Астана су айдындарында елорда тұрғындары мен қонақтарының жаппай демалуы үшін жүзуге рұқсат етілген 5 жағажай белгіленді. Олар – 4 жеке ақылы жағажай: «Орталық қалалық жағажай», «Три пескаря», «Столичный двор», «Армина» демалыс аймақтары және 1 тегін коммуналдық жағажай.

Сондай-ақ, су айдындарының 21 учаскесіне белгі орнатылды, онда жүзуге тыйым салынады. Рұқсат етілген және тыйым салынған учаскелердің тізбесі «2 GIS» платформасында орналастырылған.

«Тыйым салынған учаскелерге «шомылуға тыйым салынады» деген белгілер, сондай-ақ қалқымалы белгілер, ақпараттық стендтер, бейнебақылау камералары орнатылды, бұл рұқсат етілмеген жерлерде шомылу фактілеріне мониторинг жүргізуге және уақытылы ден қоюға мүмкіндік берді. Тек арнайы жабдықталған рұқсат етілген орындарда, жағажайларда, бассейндерде шомылу керек», – деп ескертті басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қауіпсіз шомылуға жарамды судың төменгі температура шегі +18°С, ауа температурасы +22°С – денсаулығы жақсы адамдар үшін. Балалар мен денсаулығы нашар адамдар үшін мұндай температурада шомылу денсаулық пен өмірге қауіп төндіреді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button