Құқық

Буллингтің алдын алуға болады

Астананың бес ауданында оқушыларға, ата-аналарға тегін психология­лық-консультациялық көмек көрсету кабинеттері ашылды. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты.

Елорда мектептерінде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылды. Кабинеттер қаланың әдістемелік орталығы, Ұстаздар үйі, №22, 54, 88 мектептердің базасында құрылды.

– Жыл басынан бастап 336 бала мен 377 ата-ана кеңес алды. Қазіргі уақытта қалалық психологиялық қолдау орталығы ашылуда. Орталық базасында диагностика, түзету-дамыту, консультация, психопрофилактика қызметтері бар, – деді Қасымхан Сенғазыев.

Қазіргі уақытта елорданың білім беру ұйымдарында буллингке қарсы бағдарлама іске асуда. Ол үшін қанатқақты жобаға 5 мектеп (Алматы ауданының №72 мектебі, Байқоңыр ауданының №16 мектебі, Нұра ауданының №79 мектебі, Есіл ауданының №24 мектебі, Сарыарқа ауданының №6 мектебі) енді.

– Бағдарлама аясында қорқытудың алдын алу және азайту, буллингтің анықталған жағда­йын шешу бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Сондай-ақ мұғалімдерді оқушылардың жай-күйінің дәрежесін анықтау дағдысына оқыту жоспарланып отыр. Елорданың бес мектебінде оқушылар арасында қорқытудың алдын алу мақсатында (№4, 24, 25, 72, 74) қанатқақты режимде Оқу-ағарту министрлігінің «ДосболLike» бағдарламасы іске асып жатыр, – деді басқарма басшысы.

 

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button