Ел тынысы

Comic Con Astana-2024

2024 жылдың 25-28 шілде аралығында Қазақстан астанасында Comic Con Astana III Халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Comic Con Astana-комикстер, кинематография, бейне ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған фестиваль.

Ауқымды іс-шараға халықаралық студиялар, продюсерлер, танымал блогерлер және кәсіби косплей-әртістері қатыспақшы.

Фестиваль бағдарламасында қолтаңба сессияларды, премьераларды арнайы көрсетілімдер мен презентациялар, косплей-шоулар, комикстер, музыкалық орындаушылар мен би топтарының қойылымдары бар.

Әлемдік студиялар фестиваль алаңында өздерінің интерактивті-ойын-сауық стендтерін ұсынатын болады.

Фестиваль шоу бағдарламасының дәстүрлі элементі 12 000 000 теңгелiк жүлде қоры құрайтын халықаралық косплей байқауы болмақ. Қазылар алқасының құрамында Даниядан келген талантты косплеер және Trine костюмдерінің мастеры болады.

«Биылғы фестиваль несімен ерекшеленеді? Әрине, шоу-бағдарламаның өзіндік ерекшеліктері және шоу-бизнес пен косплей индустриясының әртүрлі салаларындағы жарқын, талантты қонақтардың құрамына дейін жанкүйерлерімізге ұнайтын барлық заттарды ескеруге тырыстық. Сонымен қатар, біз фестивальдің барлық «фишкаларын» ұзартуға тырыстық, сондықтан биыл Comic Con Astana 3 күн емес, толық 4 күн өтетін болады. Және де іс-шараның өтетін орны Конгресс-орталықтан «EXPO» халықаралық көрме орталығына ауыстырылды. Осы орында фестивальдің өтетін күндер аралығында 100 000 қонақтарымызды күтетін боламыз. «Біздің фантастикалық шабуылымыз одан да ауқымды болмақ!», – деп жауап берді фестивальдің бас продюсері Наталья Абрашкина.

Comic Con Astana-2024 тағы да атақты голливуд жұлдыздары қатыспақшы. Сонымен, 2019 жылы фестивальдің басты хедлайнері «Игра престолов» сериясындағы Эурон Грейджой рөлін сомдаған Пилу Асбек болған. 2023 жылы іс-шараның басты кейіпкерлері «Стражей Галактики» мен «Мстители: Финал» Шон Ганн мен Майкл Рукер болды және сонымен қатар «Фантастические твари: Тайны Дамблдора» фильмінің актері Александр Кузнецов болды.

Арнайы қонақтардың арасында видеоблогерлер Chuck Review, Anastasiz және Ян Топлес, дубляж актерлері Всеволод Кузнецов, Петр Гланц, Ислам Ганджаев, Егор Васильев, суретші-иллюстратор Джуни (Djuney9) шақырылды.

«Ведьмак» жанкүйерлері үшін Германиядан келген косплеер, Maul Cosplay ретінде танымал болған Геральт Бен Шамма күтпеген тосынсый болады. Тағы да арнайы қонақ болып суретші, визуал новелла мен survival horror жанрында орындалған «Зайчик» компьютерлік ойындарының авторы және продюсері – Saikono Joker шақырылды.

Сонымен қатар конвентке Принц Лимон мен Аконя – дорамаларды, сондай-ақ корей фильмдерін аударуға және дыбыстауға маманданған танымал SoftBox студиясының негізін қалаушылар қатысады. Принц Лимон мен Аконя – Қазақстанның ерлі-зайыптылары, дубляждың талантты актерлері Юрий және Аруна Ким.

Жоғарыда айтылғандардан басқа фестиваль бағдарламасына кіреді:

– Гик-жәрмеңке тақырыптық тауарлармен, эксклюзивті сауда және қолдан жасалған бұйымдармен ұйымдастырылады.

– Белгілі отандық және шетелдік кітаптар мен комикстер авторларының, блогерлердің, актерлердің, суретшілердің және танымал мәдениеттің басқа да қайраткерлерінің қойылымдары мен шеберлік сыныптары жоспарланған дәрістер өткізіледі.

– Үстел ойындары, VR, киберспорт турнирлері және ретро консольдері бар ойын алаңы.

– Аниме мен мангадан басталып J-Pop және K-Pop дейінгі азиялық поп- мәдениетке арналған Pop Asia көрме аймағы.

– Фестивальдің барлық қонақтарына фуд-корттарды ашады, ал кішкентай қонақтарымыз үшін балаларға арналған алаң жұмыс жасайды

Билеттерді Comic Con Astana-ның ресми сайтында, сонымен қатар ticketon.kz және sxodim.com сервистерінде сатып алуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button