Ел тынысы

CTS жаңалықтары: Bus Lane, жаңа аялдама, теңгерім тексеру тәсілі және тағы басқалар

City Transport Sistem компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, Мәңгілік ел даңғылына Bus Lane енгізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ал Абылайхан даңғылының бойында жаңа аялдама пайда болды. Одан бөлек, енді автобустардағы планшеттерден теңгерімде қанша ақша қалғанын білуге болады. Сондай-ақ компанияның парақшасында қозғалыс бағдарындағы өзгерістер хабарланған.

      *      *      *

Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөліктегі екі бағытта Bus Lane іске қосу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 10 шілдеге қарай іске асырылады.

Қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақты енгізуді әзірлеу кезінде жолдың жүктемесі және көше-жол желісінің техникалық мүмкіндігі ескерілді.

Қазіргі уақытта Мәңгілік ел даңғылы – қала тұрғындары тығыз орналасқан аудан. Бұл даңғылмен 20 бағдар жүреді. Қаланың басты даңғылының жолаушылар ағыны тәулігіне 88 мың адамды құрайды.

Бұл қаладағы 28-і Bus Lane болмақ. Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу және жол белгілерін орнату жұмысы жүргізіліп жатыр.

      *      *      *

Қалалық №№ 22, 22а, 28, 29, 29а, 48, 71, 80, 202 бағдарларының қозғалыс сызбасына Абылай хан даңғылы бойында екі бағытта жаңа «Орхон көшесі» аялдамасы қосылды.

Қала маңы бағдарлары бұл аялдамаға тоқтамайды.

      *      *      *

Көлік картасының теңгерімін автобус салонындағы планшетте тексеруге болады.

Автобустағы планшетке көлік картасын тигізіп жолақысын төлегеннен кейін, планшет экранында карта бойынша деректер көрсетіледі:
– картаның теңгерімінің қалдығы;
– сапарлар саны;
– айлық жол жүрудің әрекет ету мерзімі.

Казіргі уақытта көлік картасының теңгерімін басқа тәсілдер арқылы тексеру мүмкіндігін қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

        *      *      *

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 304, 322 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

      *      *      *

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 202, 203 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

      *      *      *

Осы және басқа да жаңалықтармен компанияның интернеттегі ақпараттық ресурстарынан оқып таныса аласыздар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button