Ел тынысы

Дәстүрлі әншілердің I Республикалық байқауы өтуде



Қазақ ұлттық өнер университетінде Кенен Әзірбаев атындағы «Мен сүйемін халқымды» дәстүрлі әншілердің I Республикалық байқауы өтіп жаты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Кенен Әзірбавтің немересі  Мұхтар Әзірбаевтің қатысуымен ұйымдастырылды.

Байқауға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен және Қазақстан өңірлерінен дәстүрлі өнердің 25 талантты орындаушысы қатысуда. Іс-шара Қазақстанның дәстүрлі ән өнерін сақтап қалуға және дамытуға, сондай-ақ жаңа талантты орындаушылардың ашылуына ықпал етуге арналған. Байқауға қатысушылар 700 мың теңге көлеміндегі бас жүлде үшін сайысатын болады.

«Бүгін керемет конкурс басталайын деп жатыр. «Мен сүйемін халқымды» атты ең алғашқы дәстүрлі әншілердің Республикалық байқауы «Kenen Ata» қорының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық өнер университетінде бастама алып жатыр, болашақта бұл байқау дәстүрлі ән өнері жас дарындарының  үлкен сахнаға жолдарын ашады деп сенемін», – деді ҚазҰӨУ ректоры м.а. Азамат Желтыргузов.

Кенен Әзірбаев атындағы «Мен сүйемін халқымды» I республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жабылуы бүгін сағат 18:00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында өтеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button