Ел тынысы

Декларацияны кімдер тапсырды?



Биыл 2,4 миллион қазақстандық активтері мен міндеттемелері, 2,8 миллионы кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыруы тиіс. Мұны олар тиісінше 35 пайызға және 71 пайызға орындаған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі 2023 жылы басталды. Оған жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары алғаш рет қатысуда. Барлық жаңа қатысушылар 250.00-нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясын тапсыруы қажет. Жүйеге бұрын кірген азаматтар 270.00-нысанында табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) хабарлауынша, биыл 2,4 миллионға жуық қазақстандық «кіру» декларациясын тапсыруы тиіс. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын 2,1 миллион жаңа қатысушылар болса, бірінші кезеңде небәрі 580 мың адам болған. Дегенмен қатысушылардың ең көп саны жүйеге 2025 жылы енеді – 7,9 миллионнан астам адам, яғни әлі күнге дейін декларация толтырмаған елдің қалған ересек тұрғындары. Оның үстіне зейнеткерлер де, студенттер де, жұмыссыздар да қатысуы керек. Нәтижесінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесі шамамен 13 миллион қазақстандықты қамтуы тиіс.

Осыған байланысты декларанттар 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда қандай мәліметтерді көрсету керектігін білуі қажет:

шетелде тіркелген мүлік: жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, яхталар, автокөліктер, шетелдік банктердегі ақшалар, шетелдік компаниялардағы акциялар;

Қазақстанда және одан тыс тіркелген мүлік: тұрғын үй құрылысындағы үлес, бағалы қағаздар мен цифрлық активтер, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, сондай-ақ 10 000 айлық есептік көрсеткіш шегінен аспайтын мөлшердегі қолма-қол ақша (2024 жылы 36 920 000 теңге).

Сондай-ақ қазақстандықтар басқа тұлғалармен несиелік шарттарды нотариалды куәландырып, декларациялауы керек. Сондай-ақ құны 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) асатын басқа мүлікті, мысалы, үй жануарларын, өнер туындыларын немесе зергерлік бұйымдарды өз қалауы бойынша көрсете алады, тек декларацияны тапсырар алдында онынң құнын бағалату керек.

Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аясында жыл басынан бері 835,1 мың адам 250-нысаны бойынша активтері мен міндеттемелері туралы «кіру» декларациясын тапсырғанын атап өтті, яғни жаңа қатысушылардың жалпы санының 35 пайызы. Бұрын да қатысқандарға келсек, 2,8 миллион азаматтың 2 миллионы 270.00-нысан бойынша табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырып үлгерді, яғни қатысушылардың шамамен 71 пайызы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 270.00 нысанындағы декларация кейбір қажетсіз баптарды, оның ішінде төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын кірісті көрсету міндеттемесін алып тастау арқылы жеңілдетілгені белгілі болған.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button