Білім

Демалысты қалай ­ұйымдастырған дұрыс?

Жазғы демалыс – баланың өміріндегі маңызды кезең. Ол жасөспірімдердің физикалық және эмоционалды дамуына ықпал етуі керек. Осы орайда «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-­практикалық институтының ғылыми қызметкері Ерболат ШАЙЛАНОВТЫҢ балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша ата-аналарға кеңесін ұсынамыз.

– Балаңызбен жазғы де­малысты жоспарлаңыз. Мұ­ны жоспарлағанда балаңыздың ­ойымен санасып, пікірін ескеріңіз. Жоспарыңызға белсенді демалыс, таза ауада серуендеу, шығармашылық сабақтар мен табиғатта демалу, саяхаттау секілді түрлі шараны қосыңыз. Баланың эмоционалды жағдайына ерекше зейін аударыңыз. Қиын сәттерде оны қолдаңыз. Оның жетістіктері мен бастан өткерген сезімде­ріне ден қойыңыз.

Жаз – балаңыздың жаңа нәрселерді игеру үшін керемет мүмкіндік. Балаңызға тіл үйрену, музыкалық аспапта ойнау, үйірмелер мен шеберлік сабақтарына қатысу бойынша бірнеше ұсыныс жасаңыз, ақыл-ой белсенділігін сақтауға және жаңа оқу жылына дайын болуына көмектесіңіз. Балаларға ұйықтау, тамақтану, ойнау және оқу уақытын қоса алғанда тұрақты күн тәртібін қалыптастыруға көмектесіңіз. Қалыптасқан күн тәртібін жаз бойы сақтауын қадағалауға тырысыңыз.

Баланың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Бала жазатайым оқиға немесе басқа төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмін білгені жөн. Егер сіз балаңызбен демалысты су жағалауында жоспарласаңыз, балаларыңыздың жүзе алатынына көз жеткізіңіз және шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз. Өзіңізбен алғашқы көмек көрсетуге арналған құралдарды алып жүріңіз. Балаңызға көшеде, көлікте, суда, табиғатта және басқа да орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтауды үнемі есіне салып отырыңыз, – дейді Ерболат Шайланов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button