Мәслихат

Депутатпен кездесті

Астана қаласы Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығы және Астана күніне арналған іс-шара өтті.

Оған Астана қаласы мәслихатының депутаты, Аmanat партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Өңірлік даму кеңесінің төрағасы Қанат Естек қатысты.

Аталмыш орталық директоры Мұхтар Еркетаев кіріспе сөзбен ашқаннан кейін Қанат Ғалымжанұлы Астана қаласы мәслихатының атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды. Соның ішінде VІІІ шақырылымда неше депутат бар екенін, олардың атқаратын жұмыстары жайлы қысқаша түсінік беріп өтті.

Жалпы Қанат Естекті орталықтың қызмет алушылары «Бозторғай» кітабының авторы ретінде жақсы таниды. Кезінде «Бозторғай», «Бозторғай -2» фильмдерін «Хабар» телеарнасынан тамашалап, автормен кездесіп, фильм туралы ойларын ортаға салған. Кездесу барысында «Армандастар» ансамблі, «Қыздар-ай» мен «Elegance» би топтары өнер көрсетті.

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button