Ел тынысы

«Дөңгелек сарқырамаға» кіруге болмайды!

Қала шетінде орналасқан, жергілікті тұрғындар «Дөңгелек сарқырама» атап кеткен су реттегіш нысанды қызық көрген халық осы көктемде қыдырып баратын көрікті жердің біріне айналдырған болатын.
Бірақ, құрылы аяқталмағандықтан қауіпті саналатын нысанды әкімдік кіруге тыйым салып, жауып тастаған болатын.
Соған қарамастан, бүгінде бөгет аумағында серуендеп, әдемі кадр үшін басын қатерге тігіп
селфи түсірушілер көбейген. Кейбір тұрғындар тіпті ол жерге балаларын да ертіп апарады.
Тіпті әкімдік құрылысы аяқталмаған нысанды темірмен қоршап қойса да, әлдекімдер оны бұзып, емін-еркін кіріп-шығып жүр.
«Алдағы екі жылдың ішінде бұл жер туристік орынға айналуы мүмкін. Дегенмен қазір адамдардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қала тұрғындарына бұл нысанды барып аралауға рұқсат етілмейді және ол жаққа бармауға шақырамыз», – деді Нұра ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Ерлан Мырзахан.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button