Ел тынысы

Дүбірлі додаға 100 күн қалуына орай іс-шара өтеді



1 маусымда Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараға ұлттық спорт түрлерінің өкілдері, жаттықтырушылар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысады. Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау және қала тұрғындарын алдағы көшпенділер ойындарымен таныстыру.

Меймандар үшін ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары өтеді:

• Тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан шеберлік сабағы;

• Қазақ күресі бойынша ашық жаттығу;

• Арқан тарту, асық ату, ләңгі ойындары;

• Көшпелілер тақырыбы бойынша сұрақ-жауап ойыны.

Іс-шара ұйымдастырушылары: ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы. Басталуы: 11:00 Мекен-жайы: Бәйтерек монументінің жанындағы алаң (Достық көшесі жағынан)


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button