Ел тынысы

Елімізде 38 градусқа дейін аяз болады



Синоптиктер Қазақстанда 15, 16 және 17 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан арктикалық антициклон жылжиды және бірте-бірте республиканың басым бөлігін жауып, аязды ауа райы келеді. 15 ақпанда республиканың шығысында, 16 ақпанда оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады.

«Батыста ауа температурасы түнде 12-30, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градус аяз, 16 ақпанда шығыста 18-35 градус аяз, оңтүстікте 10-30 градус аяз, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 градус аяз», – делінген хабарламада.

 

Фото:depositphotos.com


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button