Ел тынысы

Елімізде есірткі қылмысы бойынша Digital-карта жасалады



«Есірткісіз болашақ» қорының басшысы Жандос Ақтаев ІІМ бірлесе отырып, қоғам белсенділері есірткі сату және жастарды есірткі бизнесіне тарту бойынша 3 мыңнан астам телеграм-арнаны бұғаттағанын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Есірткі салушы ретінде 13 жастағы балаларды тарту әрекеттері жасалып, балалар бұған келісуге дайын болған. Біздің қорда интернет-кеңістікті бақылау және осы контентті бұғаттау бойынша «Мерген» алгоритмі бар. Біз қарқынды жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Ғылым және жоғары білім министрлігімен – 1800-ден астам студент есірткі таратумен күресуге өтініш берді. Денсаулық сақтау министрлігімен – нашақорлықтың алғашқы профилактикасы бойынша тұжырымдама әзірленуде», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Қоғам белсенділері жақын арада ел аумағында пилоттық режимде іске қосылғалы отырған үш жоба дайындауда: кибер топтар қосымшасы, кәсіби психологтарды тарта отырып, адамдарға психологиялық көмек көрсету жөніндегі жасанды интеллект қосымшасы.

«Елімізде аймақтағы есірткі қылмысы бойынша алғашқы digital-карта жасалады, оны азаматтардың өздері қалыптастырады. Мұндай карталар бар, бірақ олар ресми статистикадан құрылған. Әрбір тұрғын осы картаға нақты уақыт режимінде есірткі жағдайы туралы ақпаратты қоса алады», – деді Жандос Ақтаев.

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының м.а. Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, қоғам белсенділерімен ынтымақтастық қормен бұрын қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылуда.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button