Ел тынысы

Елімізде IT-Aiel 2.0 жобасы басталды

Қазақстанда әйелдерге ІТ саласында өз орнын табуға және цифрлық технологияларды дұрыс пайдалана отырып, ақша табуға көмектеседі. IT-Aiel 2.0 жобасы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «TechnoWomen» КЕҰ Басқарма Төрағасы Азиза Шужеева хабарлады.

«Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия әйел жандарға арналған цирфландыру бастамасымен қыздар мен әйелдерді цифрландыруға тартуда. Бұл әйелдердің көбірек табыс табуы және экономикалық жағдайын жақсарту үшін жасалып отыр», – деді спикер ОКҚ алаңында.

IT-Aiel 2.0 жобасы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, «TechnoWomen» қауымдастығының және Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button