Ел тынысы

Елімізде мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға берілген баспананы сатып алу құқығы беріледі



Бұған дейін қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалға берілетін баспаналарды сатып ала алмайтын. Енді ел азаматтарына осындай баспананы сатып алу құқығы берілетін болды. Бұл туралы бүгін брифинг кезінде бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

        -ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осы мәселемен айналысып жатыр, таяуда тиісті құжат қабылданып, жарияланады. Осыған байланысты шешім 2016 жылы қабылданған болатын. Ол жағдайда үйді жекешелендіру мүмкін емес еді, яғни үйлер сатып алу құқығынсыз жалға берілетін. Енді осы бағытта пәтер алу тәсілдері өзгереді. Дәл осы мақсатта ведомство жұмыс жүргізеді. Әсіресе, бұл жұмыстар кезінде сәйкес келетін ерекшеліктер мен өңірлердегі жағдайды ескеру керек, – деді Роман Скляр.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары сатып алу құқығын беру жолдары жақын арада егжей-тегжейлі қаралатынын нақты айтты.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button