Ел тынысы

Елімізде үш шетелдік мықты университеттің толыққанды кампустары ашылады

Елімізде үш шетелдік мықты университеттің толыққанды кампустары ашылады, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz. 

ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, шетелдік университеттер Қазақстанға инвестиция салып, ғимарат салады немесе оны сатып алады және британдық форматпен немесе шетелдік форматымен оқытуды бастайды.

«Мысалы, Алматыдағы De Montfort University-нің алғашқы түлектері келесі жылы бітіреді. Сондай-ақ, 16 қыркүйекте Астанада британдық Coventry University-нің үлкен кампусы ашылады. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында Оңтүстік кореялық Вусонг университетінің кампусы ашылады. Осы үш шетелдік университеттің ерекшеліктері – оны бтірген түлектер британдық, кәріс дипломын алып, сол елдерде толыққанды жұмыс істей алады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button