Ел тынысы

Елорда әкімі өрттен зардап шеккен пәтерлердің тұрғындарымен кездесті

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өрттен зардап шеккен пәтер иелерімен кездесті. Өрт салдарын жою бойынша комиссия құрылады. Бұл туралы қала басшысы инстаграм аккаунтында жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Rixos Khan Shatyr Residences»ТК зардап шеккен пәтерлерінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз.

Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін біз қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қаланың ТЖД анықтайды», – деп жазды Жеңіс Қасымбек инстаграм аккаунтында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button