Ел тынысы

Елорда әуежайында халықаралық компания ұсынған қызмет түрі іске қосылды

Елорданың халықаралық әуежайы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту аясында жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елордалық әуежайда әлемнің 160-тан астам елінде автокөліктерді жалға беру пункттері бар Avis халықаралық компаниясының автокөліктерді жалға беру қызметі іске қосылды.

Сонымен қатар Рarqour компаниясымен бірлесіп, елордалық әуе айлағы Valet Service жаңа қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жолаушыларға өз көлігін терминал аумағындағы ыңғайлы жерде қалдыруға және бірден тіркеу үрдістерін бастап кетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар елордалық әуежай аумағында жөндеу-құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жазғы кезеңде тиісті микроклиматты қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін әуежай климаттық жабдықтар және терминалдардың желдету жүйелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Ішкі ұшу терминалында орналасқан намаз оқуға арналған арнайы бөлмелері қайта құрудан өтті. Сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының екінші қабатындағы Т2 стерильді аймағында қосымша жасалған намаз бөлмесі қолжетімді.

Жалпы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру — әуежай үшін басымдық берілетін тұрақты бақылаудағы мәселе.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button