Ел тынысы

Елордада “Тал бесіктен – Жер бесікке…” театрландырылған концерттік бағдарламасы өтеді



Елордада 14 наурыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры “Тал бесіктен – Жер бесікке…” атты театрландырылған концерттік бағдарламасын ұсынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Тал бесіктен – Жер бесікке…» – қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарына негізделген хор қойылымы. Қойылымда қазақ халқының даналығын, кеңпейілділігін, қонақжайлығын, философиясы мен дүниетанымын ашатын салт-дәстүрлер мен әдет- ғұрыптардың өзіндік кешені драматургиялық тұрғыда құрылған.
Бұл қойылымда А.Құнанбаев, Біржан сал, С.Сейфуллин, А.Жұбанов, С.Мұхамеджанов, Ә.Бестібаев, Б.Қыдырбек, М.Сағатов, М.Ибраев, Б.Аманжолов, Б.Баяхунов, Ә.Әбдінұров сынды т.б авторлардың шығармаларымен қатар,халық әндері шырқалып, Құрманғазы мен Махамбеттің күйлері орындалмақ.

Камералық хордың керкемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова 🌹

Бас хормейстері Данара Ташатова
Концертмейстер Гульден Базыкен

Өтетін орны: «Астана опера»
К. Байсейітова атыңдағы Камералық залы


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button