Ел тынысы

Елорда филармониясында «The Nomads’ Fire» концерті өтеді



Биыл 26 ақпанда Астанадағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы «The Nomads’ Fire» көшпенділер әуендері атты концертін ұсынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

“The Nomads’ Fire” концерттік бағдарламада әр нотада, әр аккордта этникалық жанды шабыттандыратын, әрі қуаттандыратын музыкалық өзгертулермен үйлестірілген. Концертке қатысушылар өз халқының рухын сақтаушы ретінде уақыт шегінен өтіп, этно-фанк, этно-роктың заманауи дыбыстарын қоса отырып, көшпенділердің музыкалық мұрасын аспаптарда және ән туындыларында көрсетеді.

Ежелгі заман қазіргі заманмен тоғысатын, музыкаға деген құштарлық көшпенділердің нағыз отына айналатын музыкалық кеңістіктер арқылы осы қызықты саяхатқа қала қонақтары мен тұрғындары қосыла алады.

Бағдарламаға  «ALEM» заманауи би тобы, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, камералық хор, эстрадалық, классикалық вокал және халық әні бөлімдерінің орындаушылары, этно-эстрадалық симфониялық оркестр қатысып, өнер көрсетеді.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button