Ел тынысы

Елорда кітапханасында Әкім Ысқақпен кездесу өтті

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен халқына талай сазды әуен сыйлаған сазгер, белгілі ақын Әкім Ысқақпен «Менің қолтаңбам» кітапхана жобасы аясында кездесу кеші өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Оның кітаптары барша оқырман қауымға таныс. Қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқырман жастарды елжандылыққа, әдебиетті сүюге, сұлулыққа құштар болуға тәрбиелеу мақсатында «Балалар мен жасөспірімдерді оқуға насихаттау» атты ақынмен кездесу оқырман көңілнен шықты. Пендешілік артып, құндылықтар құлдырап бара жатқан кезеңде оның шығармашылығының жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол .

Кездесу кешті «Әл-Наир» баспаның басшысы Ардақ Маратқызы ақынның әнімен ашты.

Шараға қатысушы балалар ақынға ерекше логикалық сұрақтар қойып және өздері ақынның жатқа өлеңдерін айтып берді .

«Менің қолтаңбам » жобасы аясында ақын Әкім Ысқақ балаларға кітабына ақ тілегін жазылған қолтаңбасымен сыйға кітаптарын тартып, олармен естелікке суретке түсті.

Бүгінде Ә.Ысқақтың бірнеше туындылары мектеп оқулығына енген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button