Ел тынысы

Елорда күніне орай Bozjyra Fashion Week Astana SS 2024 өтеді

Елорда күніне орай Астанада Bozjyra Fashion Week Astana SS 2024 бірегей іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Bozjyra Fashion Week-Қазақстандағы жалғыз сән апталығы этникалық сәнге, Түркі әлемі халықтарының бастауларын жаңғырту идеясын ілгерілетуге бағытталған. Сән апталығының әр маусымы Ұлы дала әйелдері – тарихта өшпес із қалдырған түркі әлемінің нағыз кейіпкерлері туралы баяндайды. Олар бүкіл халықтарды достықпен, бостандық рухымен, бір-біріне және олардың түркі мұрасына деген сүйіспеншілігімен біріктірген Амазонка әйелдері.

Іс-шара елорда тұрғындары үшін демалыс, жағымды қарым-қатынас, танысу, Қазақстан мен шетелдің Fashion индустриясы саласында жаңа есімдердің ашылуына себеп болады.

Шоу 5 шілдеде Rixos President Astana – да көрсетіледі.

6-8 шілде аралығында қазақстандық және шетелдік киім және аксессуарлар дизайнерлерінің, handmade және қолданбалы өнер шеберлерінің Pop up Market өтеді.

Fashion Show және pop up Market-те ынтымақтастық, демеушілік және қатысу мәселелері бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: +7 775 388 22 02

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button