Ел тынысы

Елорда мектептерінің бәрінде бір мезгілде экофестиваль ұйымдастырылды

Елордада мектептерінде «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Эко күн» экологиялық фестивалі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Конкурстық бағытта ұйымдастырылған фестивальде оқушылар экология тақырыбында тапсырмаларды орындады.

Мәселен, қаладағы №72 мектеп-лицейде Алматы ауданындағы 6 мектептің 5-6 сынып оқушылары өзара бақ сынасты.

Экология және жасыл әлем» тақырыбында өткен экослет екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар экологиялық бағыттағы білімдерін шыңдаса, практикалық кезеңде туристік бағыттағы тапсырмаларды орындады.

«Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымын қаладағы барлық мектепте бір уақытта экофестиваль ұйымдастырылды. Мұндай жиын балалардың экологиялық дүниетанымына және шығармашылығына жақсы әсер етеді. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау туралы көзқарастары қалыптасады. Жарыс түрінде өткізілген шарада үздік нәтиже көрсеткен мектеп оқушыларына диплом мен медаль табысталып, тәтті сыйлықтар берілді», – деді Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК директорының міндетін атқарушы Аслан Кенжеғалиев.

Аталған мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Көпбаеваның сөзінше, білім ордасында экологиялық бағытта әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Біздің мектебімізде экологиялық бағытта түрлі конкурстар мен шаралар өтіп тұрады. Оқушылар қалдықтарды сұрыптау, мектеп аумағын көгалдандыру жұмыстарына атсалысады. Жыл сайын сәуір-мамыр айларында экологиялық айлық өткізу дәстүрге айналған. Әр аптаның тақырыптық атауы бекітілген. Мысалы «Тазару» апталығында оқушылармен бірге мектеп ауласын және тұрғын үйлердің аулаларын тазарту жұмыстарын жүргіземіз. Одан бөлек бізде «Отбасымен бірге ағаш ек» атты апталық бар. Онда оқушылар өз отбасымен бірге мектеп ауласына ағаш отырғызады. Ал бүгінгі фестивальге мектеп жанындағы лагерьге қатысып жүрген балалар қатысуда. Бізде биыл спорттық лагерге 100-ге жуық, ал профильді лагерьге 315 бала қатысып жатыр. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына арналған «Балдырған» лагерінің бірінші кезеңінде 357 бала бар. Сондай-ақ балалар футбол және волейболдан тегін үйірмелерге қатысады», – деді Жанар Көпбаева.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button