Құқық

Елорда прокуратурасы инвесторға көмек көрсетті



Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«А-Сталь Азия» ЖШС қойма үй-жайы құрылысын қала аумағында жүзеге асырады, инвестиция сомасы 1,8 млрд теңгені құрайды. Аталған жоба 200 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Алайда, инвестор екі айдан астам уақыт бойы егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын өзгерте алмаған және тиісті құжаттарды ала алмаған.

Фронт-офис шеңберінде прокурорлар уәкілетті органды қалыптасқан жағдайды шешуге бағыттады.  Нәтижесінде инвестордың мәселесі шешілді, жобаны іске асыру жалғасуда.  Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефонына жүгіне алады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button