Ел тынысы

Елорда тұрғындары ASTANA TRIATHLON-ға қатысуға шақырылды

Елордалық триатлон федерациясы 23 маусымда жыл сайынғы «ASTANA triathlon» спорттық іс-шарасын ұйымдастырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарыс Триатлон паркінде спринт және стандарт (олимпиадалық) қашықтықтарында бөлінген маршрут бойынша жас санаттарын ескере отырып өтеді:

Спринт

– Жүзу-750 м;
– Веложарыс-20 км;
– Жүгіру-5 км.

Стандарт (олимпиадалық қашықтық):

– Жүзу-1500 м;
– Веложарыс – 40 км;
– Жүгіру – 10 км.
Эстафета (стандарт).

Қатысушылардың жиналуы Триатлон паркінің орталығында сағат 06:00-де басталады.

Денсаулық жағдайы бойынша келесі жас топтарында қашықтықты еңсере алатын барлық ниет білдірушілер қатысуға шақырылады: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары.

Қатысушыларды тіркеу Фриатлон федерациясының сайтында жүргізіледі: https://astanatriathlon.kz/ru.

Ол қатысушылардың лимитіне жеткенде жабылады.

Әр финишер естелік медаль алады, ал жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button