Құқық

Елорда тұрғынынан есірткі тәркіленді



Астананың полиция қызметкерлері «Тосқауыл» жедел алдын алу іс-шарасы барысында күдікке ілінген Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан. 42 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлікті тексеру кезінде 124 ұнтақ тәрізді полиэтилен орама мен психобелсенді таблеткалар салынған сөмке табылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Одан әрі тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар 7 орама ұнтақ тәрізді консистенция алынды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 74,3 грамм «мефедрон», 23,1 грамм «гашиш» және 17,4 грамм «ЛСД» есірткісі екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті келіншек Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button