UncategorizedЕл тынысы

Елордада «Астана – есірткісіз қала!» жоспары қалай жүзеге асырылуда?

Бүгінде Астана қаласы Полиция департаменті интернет-ресурстар арқылы контактісіз жеткізілетін есірткінің синтетикалық түрлерін қоса алғанда, өткізу және жеткізу арналары фактілерін анықтауға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы жұмыстар туралы бүгін Астана коммуникациялар орталығында Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Алия Қибатқызы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Ағымдағы жылдың бес айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 528 дерек анықталған, оның ішінде есірткі сату бойынша 132 дерек тіркелген. Заңсыз айналымнан 62 кг. түрлі есірткі заттары тәркіленді.

2022-2024 жылдар аралығында елордада 9 есірткі зертханасының қызметі анықталып, жолы кесілді. Бүгінгі таңда Қазақстанда есірткі нарығында өсімдік тектес дәстүрлі препараттарды (марихуана, гашиш және т.б.) «синтетикалық» деп аталатын «дизайнерлік препараттармен» қарқынды ауыстыру белсенді үдерісі жүріп жатыр.

Елордада синтетикалық есірткіге қатысты 206 фактісі анықталды. Бұл жұмыста азаматтар белсенділік танытуда. Олардың хабарлауы бойынша биылғы жылы дәрі-дәрмек сататын 50 веб-сайт бұғатталды, сонымен қатар, граффитиді жарнамалайтын онлайн дәріхана дүкендері жойылды. Есірткі тұтынушылардың санын азайту мақсатында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстары күшейтілуде.  Полиция  департаменті әкімдікпен, басқа да мүдделі органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп 214 профилактикалық іс-шара (акциялар, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық іс-шаралар, конкурстар) өткізген.

Астана қаласы Полиция Департаментінің ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының профилактикалық және ведомствоаралық үйлестіру тобының қызметкерлері есірткі қылмыстарының алдын алу мен нашақорлықты болдырмау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 160 материал жариялаған. Қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында суреттер, логотиптер мен бейнероликтер конкурстары, флешмобтар өткен. «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында қалалық және аудандық прокуратура өкілдерімен, Астана қаласының «Астана жастары» қоғамдық бірлестігінің еріктіліерімен кездесулер мен әңгімелер ұйымдастырылған. Сонымен қатар елорданың жоғары оқу орындарының студенттерімен профилактикалық іс-шаралары мен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. «Astana IT University», ЕАГИ, КАЗГЮУ, Астана медицина университеті студенттерімен есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік және психоактивті заттарды қолданудың салдары туралы ақпаратпен таныстыру мақсатында 10-ға жуық кездесу өткен.

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары» аясында 2023 жылғы қарашада Астана қаласының әкімімен 2023-2025 жылдарға арналған «Астана – Есірткісіз қала!»  атты жоспар бекітілген болатын.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button