Ел тынысы

Елордада «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітаптың тұсаукесері өтті



Бүгін Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында «MUFTIYAT» баспасының «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітабы таныстырылды. Іс-шара «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Үш бөлімнен тұратын туындыда ислам дінінің қазақ даласына келу тарихы, халықтың салт-дәстүрінде діннің алатын орны және сенім негіздері туралы баяндалған.

Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button