Ел тынысы

Елордада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады



Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Өзара визасыз режим мен Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы туристік ағымның өсуіне серпін беретініне сенімдімін. Биыл Астанада Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу жоспарын құптаймыз. Сонымен қатар, Қазақстанда Қытайдың озық техникалық жоғары оқу орындарының басқа да филиалдарын ашуға мүдделіміз. Көріп отырғанымыздай, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының векторы тату көршілік пен өзара сыйластық рухында қарқынды өсуді көрсетіп отыр», – деді Мұрат Нұртілеуов қытайлық әріптесін қарсы ала отырып.

Айта кетейік, бүгін Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға ресми сапармен келді.

Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүріп жатыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button