Білім

Елордада Халықаралық биология олимпиадасы (IBO) өтеді



Биыл Үкіметтің қолдауымен 7-14 шілде аралығында Астана қаласында ең беделді 35-ші Халықаралық биологиялық олимпиада (IBO) өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациядар қызметінде өткен брифингте ҚР ОАМ Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтты. Сол іс-шара аясында елордаға әлемнің 80 елінен 350-ге жуық талантты оқушы келеді.  Қ. Жұмашев Қазақстанның мұндай беделді олимпиаданы өткізу орны ретінде таңдалуы кездейсоқ еместігін атап өтті. Бұған отандық оқушылардың халықаралық білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсетуінің арқасында еліміздің зор беделге ие болуы себеп.

«Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге дайындық өткен жылдан бері басталды. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуде салалық министрліктермен бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Осы орайда бірлескен бұйрық дайындалды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бүгінгі таңда әлемде Халықаралық деңгейдегі ерекше танымал және беделді 7 олимпиада бар. Соның бірі – Халықаралық биология олимпиадасы (IBO).


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button