Елорда тынысы

Елордада «Игі істер марафоны» жалғасын тапты



Аталған марафон аясында астаналық колледж студенттері қарт кісілерге көмектесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астанада қалың қар жауып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты колледж студенттері қарт кісілерге аулаларының қарын күреуге көмектесіп, «Игі істер марафоны» дәстүрлі акциясына өткізуде. Қайырымдылық акциясының мақсаты – қарттарға, зейнеткерлерге және мұқтаж жандарға көмек көрсету.

Елордалық жастар Оқжетпес, 94 және Болашақ, 39 мекенжайларына барып, аулаларын тазартуға көмектесті. Акцияға 50 колледж студенттері қатысты.

«Бүгін біз қарт кісілерге аулаларының қарын күреуге көмектестік. Акция жыл сайын өткізіледі. Сондай-ақ, біз ауа райының қолайсыздығына қарамастан коммуналдық қызметшілерге жиі көмектесеміз, сол сияқты ыстық шаймен тәттілер таратамыз. Елордалық жастар ұйымдарын «Игі істер марафонына» қатысуға шақырамыз, – деді «Колледж студенттері мен түлектері қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігінің» төрағасы Аңсар Қайыржанов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button