Ел тынысы

Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумы өтуде



 Астана қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII QAZAQFORUM-ы өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Форумның басты тақырыбы: “Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа”.

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен өтіп жатқан форумның мақсаты – қазақ тіліндегі контенттің сапасын арттыру, жаңа технологияларды тиімді пайдалану және медианың болашақтағы даму жолдарын талқылау.

Биыл жетінші рет өтетін қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылар форумы – танымал медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлердің басын қосып, қазақтілді онлайн медианы дамыту мәселелерін талқылайтын жалғыз алаң. Форумда жасанды интеллект мәселесі, оның медиадағы рөлі мен оның қолданылуы талқыланып, шеберлік сағаттары өткізіледі. Жыл сайын QazaqForum-да тақырыптармен қоса, сарапшылар қатары өзгеріп тұрады. Қатысушылар «Қазақ медиасының тыныс-тіршілігі қалай?», «Елде қандай мәселелер өзекті?» деген өзекті сауалдарға жауап іздейді. Форум – әсіресе, қазақ тілінде контент жасайтын адамдарға өте жақсы мүмкіндік.
Іс-шара халықаралық тəжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму көкжиектерін айқындайтын біріктіруші алаңға айналды. Жиын барысында спикерлер мен қатысушылар талқылайтын тақырыптар: «Болашақтың технологиялары: түбегейлі трансформация немесе үйлесімді даму», Hype.Fake.Clickbait «Жаңалықтар жасау мен тұтынудың мәдениеті», «ЖИ: Қауіпсіздік және  халықаралық реттеу стандарттары»,  «Креативті индустрия, мәдениет және технология». Сондай-ақ “Күнделікті өмірде қолдануға арналған үздік нейрожелілер”, “Жасанды интеллект көмегімен контент жасау” тақырыбында мастер-клаcстар ұйымдастырылуда. QAZAQFORUM туралы толық ақпаратты http://www.qazforum.kz сайтында және @qazaqforum Инстаграм парақшасында таба аласыздар.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button