Ел тынысы

Елордада «Таза дүйсенбі» экоакциясы өтті

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кезектегі «Таза Дүйсенбі» 7 акциясын өткізді. Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада елордадағы Республикалық бас мешіт аумағында тазалық жұмыстары және ағаштарына күтім жасалды. Акцияға жалпы 170-тен аса жастар қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акция қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау, әрбір аулада тазалық пен тәртіпке саналы, адал көзқарас қалыптастыру. мақсатында өткізіледі.

«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру – мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі. Ол жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып жүр. Бүгінгі іс-шара барысында Өндіріс тұрғын алабының айналасын тазарту жұмыстары жүргізілді. Экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Оны әркім өзінен бастағаны жөн», – деді Марат Мұхамеджанов.

Айта кетейік, биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XX еңбек маусымы басталды.

Жоба аясында елорда бойынша 4200-ден астам 14 пен – 35 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олар қаламыздың құрылыс нысанындарына, қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарына, көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button