Ел тынысы

Елордада Түрікменстан Президентінің кітабы таныстырылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің «Änew – müňýyllyklardan gözbaş alýan medeniýet» (Анау – мыңжылдық мәдениеттің мәйегі) атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан мен Түрікменстанның көрнекті ғалымдары мен жазушылары қатысты.

Сердар Бердімұхамедовтің еңбегі түрікмен халқының бай мәдени-тарихи мұрасын жаңғыртып, насихаттауға, сондай-ақ түркі елдерінің тарихшылары, археологтары арасындағы халықаралық байланыстың дамуына жәрдемдесуге арналған.

«Қазақстан жұртшылығы бүгін үш тілде жарық көрген кітаппен танысып отыр. Кітап Түркіменстанның ежелгі Анау қаласының 2024 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланғанына орай жазылған.Бұл екі ел арасындағы мәдени байланыстың артуына, кеңінен тануына ықпал етеді”,-деді Түрікменстанның Қазақстандағы елшісі Батыр Режепов.

Іс-шара аясында қонақтар кітап- иллюстрациялық көрмесімен танысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button