Ел тынысы

Елордада «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің алдын ала көрсетілімі болады



3 маусымда Астанада «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz/.

Ал 4 маусымда фильмнің Алматыдағы көрсетілімі жүреді. 6 маусым күні туынды ел кинотеатрларына жол тартпақ. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм ақын өмірінің соңғы 9 жылын қамтиды. Дәл осы кезеңде Жамбыл Жабаевтың аты бүкіл Кеңес одағына танылған болатын.

Фильмде Жамбылдың өміріне әсер еткен оқиғалар баяндалады: ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газеттер мен журналдарда жариялана бастауы, Ораз Жандосовпен, Сәкен Сейфуллинмен және тағы басқа қазақтың атақты қоғам қайраткерлерімен кездесуі.

-Басты рөлді сомдайтын актерді көп іздедік. Режиссер үшін ең маңызды болғаны – актер түр-әлпетінің ақын бейнесіне сәйкес келуі. Ол үшін біз басты рөлге үміткердің фотосуретін алып, оның түрін «қартайттық». Актерлар құрамына Алмас Шаяхметов, Анна Старченко, Асан Мәжіт, Ерік Жолжақсынов, Фархад Махмудов, Филипп Волошин мен Асылбек Айтиш кірді, – дейді режиссер Жандос Құсайынов.

Айта кету керек, «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи картинасы 2021 жылы ақынның 175 жылдығы мерейтойы тұсында түсіріле бастады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button