Ел тынысы

Елордада «Жас педагогтер слеті» өтуде



Астана қаласының Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қаламыздағы жас педагогтердың кәсіби өсуі мен құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Жас педагогтер слеті» өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиынға ҚР Оқу-ағарту министрлігі өкілдері, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы, Әдістеме орталығы мен әр түрлі сала мамандары қатысты. Олар жас педагогтермен диалог алаңын құрып, жас мамандарды біріктіріп, ұстаздардың сұрақтарына ашық жауап берді.

Сонымен қатар қаламыздың  кәсіби педагогтері жас мамандарға  арналған психологпен тренинг, оқыту тренингтері, TEDx жобасы мен  ұлттық спорттық ойындар өткізуде.

Бір күнге созылатын слет аясында жас педагогтер бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасады. Ұйымдастырылған тренинг-коучингтерден, секция жұмысы барысында білім беру саласының көптүрлілігіне көз жеткізіп,  көптеген жаңа ақпаратқа ие бола алады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button