Ел тынысы

Елордада жастар жұмыспен қалай қамтылған?

Жастарды тұрақты жұмыспен қамту – қаламызда жүзеге асып жатқан маңызды міндеттің бірі. Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 4 712  жас қамтылып, оның 1 642 тұрақты жұмысқа орналасқан. 1 437 жас маман  жеңілдетілген жұмыс орынына жіберілді. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 118, қоғамдық жұмыстарда 859, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 365, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 95 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Елімізде жастарды жұмысқа орналастыруға арналған бірнеше тиімді бағдарлама жұмыс істейді. Соның бірі – «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы. Бұл алғаш жұмыс іздеп жүрген азаматтарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба. Оған 35 жастан аспаған, жұмыс тәжірибесі жоқ жастардың өкілі өтінім бере алады. Қатысу ұзақтығы 18 айдан аспайды. Бағдарламада  өтінім беруші 30 АЕК мөлшерінде, яғни 110 760 теңге жалақы алады.

Сонымен бірге жастар тәжірибесі бағдарламасы – колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Оған 35 жастан аспаған, кәсіби тәжірибесі жоқ азаматтар өтінім бере алады. Бағдарламаға өтінім берушінің университет немесе колледжді біріп, диплом алғанына 5 жылдан аспауы қажет. Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі. Қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайтын бұл бағдарламада өтінім беруші 30 АЕК мөлшерінде жалақы алады. Сондай-ақ, мекемеде тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Ұрпақтар келісімшарты – зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп тұрған қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға арналған. Жобаға 35 жастан аспаған жастар қатыса алады. Ұзақтығы 6 айдан аспайды. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс іздегендер мен жұмыссыз азаматтар enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы және egov.kz электронды порталын пайдалану арқылы онлайн тіркеле алады, – дейді  Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Олжас Омар.

Сонымен бірге Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайында орналасқан Мансап орталығына жүгіне алады. Жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кемінде 24 ай қатысушы азамат жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап әлеуметтік төлем алу  құқықығына ие болады.  Астана қаласында 2024 жылдың 21 маусым күні сағат 14:30-17:00 аралығында Бейтшілік даңғылы, 9 мекенжайы бойынша шағын бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Solax Hotel Business Management компаниясы,  ЖШС (Пекин Палас) , «SMEU Astana» ЖШС, «SMEU Svetofor» ЖШС, «Bazis Construction» ЖШС Астана қаласындағы филиалы және тағыда басқа жұмыс берушілер қатысады.      

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button