Ел тынысы

Елордада жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экоакция өтті

Бүгін елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында плоггинг форматында жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мұнда ыңғайлы жүгіру аяқ киімі мен арнайы қолғап киген «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы волонтерлері қоқыс дорбаларын ұстап, заманауи спорттық-экологиялық трендтегі шараға белсене қатысты.

100-ден астам ерікті осы игі іске атсалысып, бірнеше сағаттың ішінде Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан тазалап шықты. Қатысушылар мүмкіндігінше көп қоқыс жинауға тырысты.

«Бұл іс-шараның мақсаты – халық арасында экологиялық белсенділікті дамыту және салауатты өмір салты мен плоггингті кеңінен насихаттау. Бүгін 150 қап қоқыс жиналды. Астанадағы қолайсыз ауа райына байланысты іс-шарамыз тек 1 сағатқа созылды. Есіл ауданы әкімдігі қатысушыларды автобуспен, арнайы қолғап, қаптармен қамтамасыз етті. Жалпы Jasyl еl еңбек жасағы ұйымы биыл қалада 20-ға жуық акция өткізуді жоспарлап отыр. Оның біріншісі осыдан бірнеше күн бұрын Байқоңыр ауданында өтті. Бүгін екіншісі ұйымдастырылды», – деді «Республикалық студенттік құрылыс және еңбек жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының төрағасы Марат Мұхамеджанұлы.

Бүгінгі игілігі мол іс-шараны Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Есіл ауданы әкімдігі ұйымдастырды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұрады.

Айта кетсек, плоггинг бұл – жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экоқозғалыс.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button