Ел тынысы
Елордада № 10 бағдардың Әуежай бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/06/3cd7e68fd506c3df9771ce9bab5ac543_1280x720.jpeg)
29 маусымда № 10 бағдардың Әуежай бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді. Енді бағдар «Хан шатыр» СОО арқылы жүрмейді. Д. Қонаев көшесінен Қабанбай батыр даңғылына бұрылады. Осылайша екі бағыттағы сызбасы бірдей болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бағдардың сызбасы түзулікті арттыру, техникалық сипаттамаларын жақсарту мақсатында өзгертіледі. Бұл бағдардың жүру қашықтығын 1 шақырымға, айналым уақытын 3 минутқа және қозғалыс аралығын қысқартуға ықпал етеді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.