Ел тынысы

Елордадан түнде 34 мың текше метрден астам қар шығарылды.



Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 34 мың текше метрден астам қар шығарды. Олар жұмысты тәулік бойы бірнеше ауысымда жүргізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

21 ақпан күні таңертең елордада қар тазалау жұмысына 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,3 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

20 ақпананнан 21-іне қараған түні қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына барлығы 361 мың рейс арқылы 4,9 млн текше метр қар шығарылды.

Сондай-ақ, қозғалыс кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button