Ел тынысы

Елордалық боксшы лицензиялық жарыста ширек финалға жолдама алды



Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыста 60 келідегі жерлесіміз Римма Волосенко үшінші жекпе-жегінде мықтылығын танытты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Жерлесіміз Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейроға қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын қарсыласына дарыта білді. Сондай-ақ Римма 2-раунд барысында қарсыласын нокдаунға да жіберді. Енді отандасымыз ширек финалдық айқасын ертең өткізеді. Ал бүгін шаршы алаңға шамамен 01:15 (Қазақстан уақытымен) тағы бір жерлесіміз Айбек Оралбай алғашқы айқасқа шығады. .


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button