Ел тынысы

Елордалық оқушыларға балалар лагерінде IT-технологиялар оқытылады

Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған елордалық оқушыларға арналған жазғы лагерь аясында «ASTANA Polytechnic» Жоғары колледжінде «Балалар кәсіптік лагері» жұмысы ұсынылды, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылар лагерьде IT-технологиялар әлемінде жаңа білімді үйреніп, уақытты тиімді өткізе алады. Олар Web әзірлеу, Графикалық дизайн, мобильді робототехника және 3D модельдеу бағдарламаларын игере алады. Жоба it-құзыреттілік орталығы арқылы балалардың қабілеттерін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау, сондай-ақ кәсіптік даму траекториясын қалыптастыру және оқушыларға мамандық таңдауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған.

«Бүгін мен мектеп лагеріне бардым. Мұнда оқушылар IT-технологиялар әлеміндегі ең жаңа және маңызды білімді алады және бос уақыттарын бірнеше бағытта үлкен пайдамен өткізеді. Маған бәрі өте ұнады», – деді шараға қатысушы Алдияр.

Осы жылдың жазғы кезеңінде жазғы демалыстың барлық түрлерімен 1-10 сыныптардың 200 мыңнан астам оқушысы қамтылатынын атап өткен жөн.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button