Ел тынысы

Елордалық құтқарушылар БАҚ өкілдерімен бірігіп су айдындарында рейд жүргізді

Шомылу маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ТЖ департаменті алдын алу және тәжірибелік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері күн сайын акваторияның неғұрлым қауіпті учаскелерінде патрульдеу жүргізеді, оның кезеңінде халықпен әңгімелесу жүргізіледі және судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша үгіт-насихат парақшалары таратылады. Рейд жұмыстарын жүргізу барысында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша халықты ақпараттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Астана қаласы ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына кезекті рет қырағу болуға, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға, мас күйде шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, көпірлер мен қайықтардан суға секірмеуге, қоршау белгілерінен тыс жүзбеуге шақырады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button