Ел тынысы

Елордалық велошабандоз – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Алматы қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Астана қаласының велошабандозы күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жерлесіміз Дмитрий Груздев ерлер арасындағы жекелей сында мәреге 50:20 секундта жетіп, екінші орынға жайғасты.

«Азия чемпионатына дайындығым жақсы өтті. Осы аралықта жаттығу жиындарынан өттік. Жеңіс маңдай термен келді, көп еңбектендік, жаттықтық, еңбек өз нәтижесін берді, – деді Дмитрий Груздев.

Айта кетелік жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама аралас командалық эстафетаны алтынмен бастаған болатын. Құрама сапында Астана қаласының спортшысы Дмитрий Груздев өнер көрсетті.

Қазақстандық велошабандоздар 40 км жолды 51 минут 08 секундта бағындырды.

12 маусымға дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесіне 30 елден 450-ге жуық қатысушы жиналды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button