Ел тынысы

Елордалық жас отбасылар үшін ерекше шеберлік сағаты өтті

Елордада Әкелер күніне орай жас отбасылар үшін қыш құмыра жасау бойынша шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz/

Шеберлік сағаты «Отбасы – бақыт мекені» іс-шаралар кешенінің аясында ұйымдастырылды. Artumar орталығында өткен шеберлік сағатына 35 жастан аспаған ерлі-зайыптылар қатысты.

Шара отбасындағы ауызбіршілік пен сыйластықты арттырып, өзара түсінісу мен ортақ көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Шығармашылыққа толы шеберлік сағатында жас отбасылар өз қолдарымен құмыра жасауды үйренді.

Әкелер күнінің негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, мен «ынталы ата-ана болу» идеясын насихаттау.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button