Ел тынысы

Елордалық жастар лудоманияға қарсы әлеуметтік акция өткізді

«Астана жастары» КММ еріктілері лудомания туралы ақпараттық парақшалар мен брошюралар тарату бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz/

Іс-шара Есіл өзенінің жағасында өтті.

Акцияның басты мақсаты – құмар ойындарға тәуелділікпен күресу және халықты лудомания проблемалары туралы хабардар ету.

«Лудомания қазіргі өскелең ұрпақ арасындағы үлкен проблеманың бірі екенін білеміз. Осыған қала жастары ретінде өз үлесімізді қосуға тырысып жүрміз, тиісінше осы бағытта түрлі акциялар өткізіп жүрміз. Мәселен, бүгін біз жастарға әсер етеді деген үмітпен жұртқа брошюралар тараттық», – деді «Астана жастары» маманы Камилла Мұқатаева.

«Астана жастары» еріктісі Федор Ермоленко қазіргі қоғамда лудомания мәселесі өткір тұрғанын атап өтті.

«Менің ойымша, бұл тәуелділікке жастар көбірек ұшырайды. Бүгін Есіл өзенінің жағасында буклеттер таратып жатырмыз. Бұл жасөспірімдер жиі серуендейтін орындардың бірі. Бұл іс-шара ары қарай да жалғасын табады, өйткені людомания мәселесі өзекті. Біз осы бағытта тағы да көптеген акциялар өткізетін боламыз», – деп бөлісті «Астана жастары» еріктісі Федор Ермоленко.

Ақпараттық парақшалар қаланың өзге де аудандарында – «Встреча» және «Артем» сауда үйлерінің аумағында тарату жоспарланып отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button